Заңсыз сақталған қаруды тапсырғандары үшін ШҚО тұрғындары 27 млн. теңге алады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Заңсыз сақталған қаруды тапсырғандары үшін ШҚО тұрғындары 27 млн. теңге алады

Заңсыз сақталған қаруды тапсырғандары үшін ШҚО тұрғындары 27 млн. теңге алады

Халықтан заңсыз сақтаудағы қару мен оқ-дәрілерді сатып алу акциясы 31 қазанға дейін жалғасады,

  • 2 Қазан 2013
  • 384
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ШҚО ішкі істер департаментінен.

1 қыркүйекте басталған акция барысында облыс тұрғындары полицияға 292 оқпен атылатын қару, олардың ішінде 45-і иір ойықты мылтық, 247-сі тегіс оқпанды мылтық және иір ойықты мылтыққа арналған 2094 дана оқ-дәрі тапсырған.

Өңірде халыққа ақшалай сыйақыға 27 миллион теңге бөлінген. Ақша беру кезінде қарудың техникалық жағдайына байланысты үш санатқа бөледі: біріншісі үшін кепілдік берілген бағадан — 100 пайыз, екіншісі үшін — 70 пайыз және үшіншісі үшін 30 пайыз төлейді.

Полицияда түсіндіргендей, «қылмыстық қару» және «тіркеудегі қару» есебінде тұрғандарға ақшалай сыйақы берілмейді. Қолдан жасалған оқ-дәріге де ақша төленбейді.