Заңсыз табылған ақшаны заңдастырумен шұғылданатын фирмалардың қызметіне қатаң тосқауыл қою керек - премьер-министр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Заңсыз табылған ақшаны заңдастырумен шұғылданатын фирмалардың қызметіне қатаң тосқауыл қою керек - премьер-министр

Заңсыз табылған ақшаны заңдастырумен шұғылданатын фирмалардың қызметіне қатаң тосқауыл қою керек - премьер-министр

Астана. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министр Кәрім Мәсімов заңсыз табылған ақшаны заңдастырумен шұғылданатын фирмалардың қызметіне қатаң тосқауыл қоюды, олардың құрылтайшыларын жазаға тартуды тапсырды. Бұл туралы үкімет басшысы кеше үкіметтің кеңейтілген отырысының барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 7 Тамыз 2008
  • 440
Фото - Caravan.kz

«Кеше бұқаралық ақпарат құралдарында бір кәсіпкер: «Бізге анадай емес, мынадай мөлшерлеме жасау қажет. Өйткені, ақшаны заңдастыратын кеңселер мемлекеттен ақшаны аз алады деген сөздер айтты», — деді К. Мәсімов.

«Сіздердің бөлімшелеріңізде (Қаржы министрлігінде) қаржылық барлаумен айналысатын жаңа комитет құрылды. Қаржы полициясымен бірлесе отырып, біріншіден, сол адамнан қандай заңдастыратын компаниялар бар екенін сұраңдар», — деді ол қаржы министрі Болат Жәмішевке арнаған сөзінде.

«Егер ондайлар бар болса, үлескерлерді алдаған құрылыс компаниялары секілді оларды анықтап, қамау керек», — деді К. Мәсімов.

«Әйтпесе, олар бізбен саудаласа бастады. Ақшаны заңдастыратындар осынша алады, ал, сендер, мемлекет осынша алыңдар дейтін болды», — деп ашуланды үкімет басшысы.

«Бұл мәселені қаржы полициясымен бірлесе отырып бақылауға алыңыздар», — деді сөз соңында премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар