Қаржы мониторинг агенттігінің Түркістан облысындағы аумақтық департаменті өкілдері шекарада Өзбекстан Республикасынан заңсыз кальян тасымалдауға көмектескендерді анықтады. Сот үкімі бойынша "Қапланбек" кеден бекетінің 5 маманы түрлі мерзімге сотталды.
"Лауазымды тұлғалар қызметтік мансабын асыра пайдаланып, Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға салмағы 23 985 келі жалпы сомасы 59 596 729 теңге болатын SERBETLI кальянын заңсыз әкелуге көмектескен", — делінген хабарламада.
Түркістан қаласы сотының үкімімен "Қапланбек" кеден бекетінің қызметкерлері Қ. Мұздыбаев, Б.Нұрбаев, М.Күміс, Б.Әлиев 3 жыл 6 айға, Н.Исаев 4 жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.