Заңсыз шығарылған 7 млрд теңге мемлекетке қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Заңсыз шығарылған 7 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

Заңсыз шығарылған 7 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

2022 жылы президенттің тапсырмасымен заңсыз активтерді қайтару бойынша жұмыс басталды.

  • 23 Қыркүйек
  • 5
Фото: ашық дереккөз

Заңсыз қаржыны қайтару оңай емес. Ол мемлекеттің ішінде болса қайтаруға болады, ал сыртқа шығарылған қаржыны қайтару үшін табанды жұмыс, халықаралық келісімдер және қаржы сақталған елмен мемлекетаралық байланыстар қажет дейді мамандар, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

7 млрд теңге. Антикордың ақпараты әлеуметтік желіні шарлап кетті. Бұған дейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Мырзахметовтың үстінен іс ашылғаны белгілі болған еді. Оған үлкен көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылды. Антикор сол іс бойынша 7 млрд теңгені мемлекетке қайтарғанын айтуда. Жеті миллиард желкеден шығыпты.

Абылай Мырзахметов біраз жыл «Атамекен» кәсіпкерлер палатасын басқарғаны белгілі. Кезінде Қайрат Боранбаев ұсталғанда оның туыстарынан түрмеден босатуға көмектесемін деген желеумен пара алған көрінеді.

Жалпы, бұл Антикордың кезекті мәрте заңсыз иемденген активтерді елге қайтару әрекеті. Бұған дейін Қайрат Боранбаев заңсыз жинаған біраз қаражатын мемлекет меншігіне қайтарған еді.

Мысалы, бір жылдың ішінде қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңге қайтарылған. Ал кейінгі екі жарым жылда олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге келіп түсті.

«7 млрд теңгеге не алуға болады? Заманауи стандартқа сай мектепті салуға 3,5-4 млрд теңге кетеді екен. Демек мына қаржыға заманауи 2 мектеп салуға болады. Ал ауылдық аймақта 7 мектеп салуға келетін шығар. Немесе Алматыда құны 20 млн теңге болатын 1 бөлмелі 350 пәтер алып, жастарға арналған бағдарлама ашуға болады. Аз ақша емес қой», — деді саясаттанушы Асхат Қасенғали.

2022 жылы президенттің тапсырмасымен заңсыз активтерді қайтару бойынша жұмыс басталды. Содан бері біраз қаржы мемлекет иелігіне қайтарылды. Ұрланған, сыртқа шығарылған қаржылар өте көп. Қайтқан қаржының сомасы екі жарым жылда 1,09 трлн теңге дейді. Бұл заңсыз иемденген компаниялар, жер телімдері, ғимараттар және басқаны қоспағанда.

Осыған дейін «жемқорлардан қайтарылған қаржыны мектеп салуға және мектепті қажеттілікпен қамтамасыз етуге жұмсаймыз» деген ақпарат пайда болды. Бұл да халық үшін жасалатын игі іс.