Жас спортшы аз уақытта 700 мың доллар пайда тауып үлгерді. Оның 500 мың доллары осы жылға тиесілі.
2013 жылдың соңында Диас WTA рейтингісінде 163-ші орында болған. Қазір ол 48-ші сатыға жайғасты. Нәзік жанды спортшы US Open аяқталған соң ТОП-40 қатарына енуі тиіс. Сондай-ақ ол Ярослава Шведовадан озып, Қазақстанның бірінші ракеткасы атанған.