Зарина Диас Жапониядағы ITF турнирінде ширек финалға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зарина Диас Жапониядағы ITF турнирінде ширек финалға шықты

Зарина Диас Жапониядағы ITF турнирінде ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Курум қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрайтын ITF сериясындағы халықаралық турнирдің ширек финалына өтті.

  • 18 Мамыр 2012
  • 431
Фото - Caravan.kz

Жарыстың екінші айналымында отандасымыз турнирдің бірінші ракеткасы ресейлік Марта Сироткинаны 7:6(8:6), 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Келесі турда ол қытайлық теннисші Чжень Сайсаймен күш сынасады. Аспанасты елінің тумасы өз кезегінде ұлыбританиялық теннисші Мелани Саутты 6:3, 7:5 есебімен жеңген болатын.