Жартылай финалда Дияс Портуғалия өкілі Мишель Ларшер де Бритоны 6:2, 7:5 есебімен ұтты. Қазақстандық спортшының финалдағы қарсыласы жартылай финалда турнирдің сегізінші ракеткасы — британдық Джоханну Контуды 6:3, 7:5 есебімен жеңген чех теннисшісі Кристина Плискова.
Өткен жылғы Куала-Лумпурдегі турнирде Дияс чех теннисшісі Плисковадан 1:0 есебімен басым түскен болатын.