Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде Зарина бірден алты сатыға көтеріліп, 60-ыншы орынға жайғасты. Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева бұрынғыша 50-інші орында келеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Әлемдік рейтингтің көшін румыниялық Симона Халеп бастаса, содан кейінгі екінші, үшінші орынды даниялық Каролин Возняцки мен испаниялық Гарбинье Мугуруса бөлісуде.
Еске сала кетейік, Қытайдың Шэньчжэнь қаласында қаласында өткен халықаралық турнирде З.Дияс ширек финалға дейін жетіп, ресейлік Мария Шараповаға жол берген болатын.
Ал кеше Хобарт (Австралия) турнирінде жапониялық Наоми Осаканы ұтқан Юлия Путинцева екінші айналымда осы жарыстың бесінші ракеткасы, украиналық Леся Цуренкомен күш сынасады.