Зарина Диястың ITF Wenshan турнирінің ақтық финалына шығуға мүмкіндігі бар - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зарина Диястың ITF Wenshan турнирінің ақтық финалына шығуға мүмкіндігі бар

Зарина Диястың ITF Wenshan турнирінің ақтық финалына шығуға мүмкіндігі бар

Теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі алматылық Зарина Дияс Қытайда өтіп жатқан әйелдер арасындағы ITF Wenshan турнирінің жартылай сынына өтті.

  • 1 Сәуiр 2011
  • 467
Фото - Caravan.kz

Ол ертең хорват Ани Мижацикамен шеберлік сынасады. Зарина қазір ұлттық рейтингте екінші, ал Бүкіләлемдік теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде 153-сатыда тұр. Қарсыласы WTA рейтингінде 389-орынға табан тіреуде.

Зарина ширек финалда алғашқы айналымда ұлттық рейтингтің көшбасшысы (WTA рейтингінде 329-шы) Галина Воскобоеваны (6:1, 7:6) жарыс жолынан шығарған жапондық Кумико Ильзимоны (6:0, 6:0) тізе бүктірді. WTA рейтингінде 209-орында тұрған Кумико өткен аптада ITF Kunming турнирінде де 6:3, 6:4 есебімен жеңліс тапқан болатын.

Жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрайтын бұл турнирде З. Дияс алғашқы кезеңде WTA рейтингінде 245-орындағы жапондық Руоко Фуданы (6:0, 6:2), екінші айналымда WTA ретингінде 237-сатыда тұрған кореялық Со-Юнг Кимді ( 6:4, 6:2) тізе бүктірген еді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера