Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Мен әжемді қатты сағынып жүрмін. Өйткені, жақында ғана қайтыс болды. Негізі, мен әжемнің қызымын. Апа деген шықпай жүр, соны сағынып жүрмін. Сахнаға шығар алдымда "Апа, көмектесші маған", — деп апаммен сөйлесемін. "Ей, қыз шық. Ешкімнен қорықпа, сен бәрінен күштісің", — деп маған қолдау беретін. Аллаға шүкір, 95 жыл өмір сүрді. Бірақ, жақын адамың болғаннан кейін қанша жаста болса да мен үшін ерекше. Ол мені ерекше жақсы көрді. Менің бүкіл еркелігімді көтерді. Негізі мен өзімді бақыты адаммын деп санаймын", — деді Зарина Омарова.