Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина Сабинаға бірде-бір гейм бермей, 6:0, 6:0 есебімен тізе бүктірді. 21 жасар қазақ теннисшісі 9 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдалана білді.
З.Дияс ширек финалға шығу үшін итальяндық, әлемнің 15-інші ракеткасы Сара Эрранимен күш сынасады. Ол бірінші айналымда поляк қызы, дүниежүзілік рейтингте 9-ыншы орында тұрған Агнешка Радваньсканы жеңіп кетті.
Айта кетейік, жүлде қоры 731 мың АҚШ долларын құрайтын Штутгарт турниріне әлемнің бірінші ракеткасы, американдық Серена Уильямстан басқа мықтылардың бәрі дерлік қатысуда. Соның ішінде бұған дейін осы жарыстың қатарынан үш мәрте чемпионы атанған ресейлік, рейтингте екінші орындағы Мария Шарапова биыл да сол биіктен көрінуді мақсат етіп отыр.