Vesti.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, әлемдік рейтингте 53-орында тұрған, Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина іріктеу сайысының финалында румын теннисшісі Моника Никулескуді 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Іріктеу турнирінен Қазақстанның басқа өкілдері Ярослава Шведова мен Юлия Путинцева өте алмады.
Айта кетейік, Цинциннати турнирі 11-17 тамызда өтеді. Жүлде қоры 2,567 млн. долларға бағаланып отырған аталмыш жарысқа әлемнің Серена Уильямс, Симона Халеп, Агнешка Радваньска. Мария Шарапова, турнирдің өткен жылғы жеңімпазы Виктория Азаренко сынды мықты теннисшілері қатысады.