Зейін Әліпбек жаңа қызметке тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейін Әліпбек жаңа қызметке тағайындалды

Зейін Әліпбек жаңа қызметке тағайындалды

Зейін Әліпбеков 1973 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін тәмамдаған.

Танымал қазақстандық журналист әр жылдары «Жеті күн» ақпараттық-аналитикалық бағдарламасының жүргізушісі және шеф-р?

  • 21 Ақпан 2019
  • 45
Фото - Caravan.kz

Танымал қазақстандық журналист әр жылдары «Жеті күн» ақпараттық-аналитикалық бағдарламасының жүргізушісі және шеф-редакторы, «Бетпе-бет» және «Yкімет пен әлеумет» бағдарламаларының шығарушы редакторы, «Хабар» агенттігі» АҚ «Хабар» телеарнасының ақпараттық-аналитикалық бағдарламалар дирекциясының директоры болды.

Сонымен қатар «Хабар» агенттігі» АҚ «Білім және Мәдениет» телеарнасы директорының орынбасары, «Астана ақшамы» газетінің редакциясы» ЖШС бас редакторы-директор орынбасары, «Елорда ақпарат» ЖШС директорының кеңесшісі, ҚР вице-премьері-ҚР ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі, А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы грантының, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерейтойлық медалінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері.


Соңғы жаңалықтар