“Зейнет жасы әйелге де, еркекке де тең болу керек“ - Роза Әшірбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Зейнет жасы әйелге де, еркекке де тең болу керек“ - Роза Әшірбаева

“Зейнет жасы әйелге де, еркекке де тең болу керек“ - Роза Әшірбаева

Қазақстандағы гендерлік теңдік қаншалықты сақталған? Ер мен әйел елімізде тең деп айта аламыз ба?

  • 23 Тамыз 2022
  • 1356
Фото - Caravan.kz

Осы және өзге де сұрақтарға коуч-тренер Роза Әшірбаева Caravan.kz медиа порталының тілшісіне жауап берді.

— Қазіргі таңда теңдік туралы көп айтылады. Қазақстанда ер мен әйел тең деп айта аламыз ба?

— Заң бойынша тең әрине, іс жүзінде олай бола бермейді. Мұндай жағдайға бірнеше фактор әсер етеді: біздің әлеуметтік ортаның патриархалдық негіз бойынша дамуында және адамдардың діни қағидаларды дұрыс түсінбеуде.

Бұл екі себепті жоятын бір ғана нәрсе бұл — білім.

Конституцияда әйел мен ердің теңдігі жайлы айтылған, білуімше неке және отбасы заңына да көптеген әйел құқығына қатысты көптеген жаңартулар енгізілуде, бірақ олар жұмыс істеу үшін адамдар білімді болу керек.

— Қазақстанда әйелдің құқығын қаншалықты қорғалып жатыр? Әлде тапталып жатыр дейміз бе?

— Менің ойымша әйелдің құқығы отбасы шеңберінде көптеп бұзылады. Бәрінде емес, көптеген отбасыларда қыз баласы тұрмыс құрған күнінен бастап қыспаққа алынады. Жаңа отбасы қыз баласынан тым көп нәрсені күтеді. Бұрын көрмеген үйінің таза болуы, бұрын танымаған отбасының әдет ғұрыптарына тез арада сіңісу, келе сала бала туу, туған балаң ұл бала болу керек, жұмысқа шығуың екіталай, шықсаң скорее всего айлық алатын банк карточкаң енеңде болады. Бұл кәдімгі құлдық система.

Әйел адамның қауіпсіздігі мен құқығы отбасы шеңберінде бұзылады бұл факт.

Ал, мемлекет заңы қаншалықты бұл шеңберге кіре алады? Бұл үлкен дилемма. Мемлекетте әртүрлі отбасы бар, әр отбасы өзінше кіші мемлекет, ол кіші мемлекттерде өзіндік жазылмаған заңдары бар, көп жағдайда сол жазылмаған заңдар жазылған заңдардан үстемідірек.

— Өз басыңыз теңсіздікке байланысты қандай да бір жағдайға ұшырадыңыз ба? “Сен әйелсің” дегендей жағдайларға?

— Мен өзім оңтүстіктің қызымын. Біз жақта қыз баласын кішкентайдан тыйып өсіреді. Бірақ соған қарамай ата-анам маған жақсы білім мен еркіндік берді, көп қыспаққа алған емес, қыспаққа алуға уақыттары да болмайтын, екеуі әрдайым жұмыста болды. Ол кезде интернет жоқ, мені кітап пен телевизор тәрбиеледі.

Бала кезден қалыптасқан еркін мінезім мен білімнің арқасында ешқашан маған ешкім “сен әйелсің орныңды біл” деп айтқан емес. Кітапті көп оқығанның арқасында ойымды нақты жеткізе алатынмын. Сауаттылық көп нәрсені шешеді бұл факт. Білімсіз және сауатсыз болсаң, ер адам болсаң да сенің құқығың тапталады.


— Гендерлік теңдікке жетуіміз әлі екіталай деген де әңгімелер көп, бұл пікірмен қаншалықты келісесіз?

— Бізде қоғамда қызық жағдай орын алуда. Технология мен ақпараттандыру заманында адамдар ескіден қалған ережелермен өмір сүреді. Әйел адам үйдің адамы дейді, бірақ қазіргі таңда қыздар мен ұлдар бірдей білім алады, яғни табыс табу мүмкіндігі екеуінде бірдей. Еркек түздің адам дейді да, түзде әйелдер қазір жақсы жетістіктерге жетуде. Заман өзгерістері бізді гендерлік теңдікке өзі итермелеуде, бірақ адамдар аяқ тіреп ескіліктен шыққысы келмейді.

— Қазіргі таңда зейнет жасын төмендету туралы көп айтылады? Бұған байланысты ойыңыз қандай?

— Заман талабына салсақ зейнет жасы әйелге де еркекке де тең болу керек, бірақ қоғамда әйелге үй жағдайы, бала тәрбиесі, отбасы қамы көбірек жүктелген, сондықтан әйелдер зейнетке ертерек шыққысы келеді.

Жоғарыда айтқан жазылмаған заң санатына әйелдің теңдігі жазылмағанша зейнет жасын ер адаммен теңдестіруге болмайды.

— Гендерлік теңдік үшін ең бірінші кезекте не істеу қажет?

— Білім беру жүйесінің өзінде, мектеп қабырғасынан ер бала мен қыз баланың бірдей мүмкіндіктері бар екенін түсіндіретін ақпарат болу керек.

Қазақстандағы отбасы құндылығы жайлы идеология нақты болу керек

Телевидение және медиа саласында заманауи қазақ отбасыларының образын дұрыс құру керек. Бұл үлкен жұмыс, бірақ жасауға болатын жұмыс.

— Сұхбатыңызға рақмет!