«Кеше мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткіздім. ЕХӘҚМ-мен зейнетақы төлемдері мен басқа мемлекеттік жәрдемақылар бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімін қысқарту мүмкіндігін талқыладық», — делінген ақпаратта.
А. Жұмағалиевтің хабарлауынша, мерзімді 10 күннен 3-5 күнге дейін қысқарту ұсынылып отыр.