Зейнетақы мен жәрдемақыларға төленетін қаржы көлемі 2011 жылы қазіргіден екі есе өседі - Кәрім Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнетақы мен жәрдемақыларға төленетін қаржы көлемі 2011 жылы қазіргіден екі есе өседі - Кәрім Мәсімов

Зейнетақы мен жәрдемақыларға төленетін қаржы көлемі 2011 жылы қазіргіден екі есе өседі - Кәрім Мәсімов

Астана. 25 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Жалпы зейнетақы мен жәрдемақыларға төленетін қаржы, яғни биылғы жылғы 555 миллиард теңгеден 2011 жылы 1 триллион теңгеге дейін өседі. Бұл туралы "Нұр Отан" ХДП-ның орталық аппаратында Тұрақтандыру шаралары жоспарының жобасы жайлы сөйлеген сөзінде үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. К.Мәсімовтың айтуынша, 2009-2010 жылдары зейнетақы, жалақы және шәкіртақы көлемі 25 пайызға жоғарылайды.

  • 25 Қараша 2008
  • 490
Фото - Caravan.kz

Жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен арнайы мемлекеттік жардемақылар 9 пайызға артатын болады. 2010 жылдан бастап 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төртінші және одан көп бала туғанда біржолғы жәрдемақы өседі, сондай-ақ бала бір жасқа толғанша төленетін ай сайынғы жәрдемақы 2,5 есеге артады.

«Үстіміздегі жылдың 9 айында ішкі жалпы өнімнің өсімі шамамен 4 пайызды құрады. Еліміздегі жұмыссыздық 7 пайыз деңгейінде ұсталып тұр. Тұтыну бағасы тұрақтанды. Бүгін таңертең біз селекторлық кеңес өткіздік, бірқатар өңірлерде тұтыну бағасының төмендегені байқалуда», деді үкімет басшысы.

Оның айтуынша, 10 айдың қорытындысы бойынша елімізде инфляция деңгейі 8,8 пайызға дейін төмендетілді. Екінші деңгейлі банктердің экономиканы несиелеуі былтырғы жылдың соңындағы деңгейде сақталды. «Осы жылдың 10 айында банктердің депозиттері 22 пайызға ұлғайды», деді К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар