Зейнетақы қорларының кірістілік деңгейінің төмендеуі обьективті ағымға саналады - Ә.Сәйденов - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнетақы қорларының кірістілік деңгейінің төмендеуі обьективті ағымға саналады - Ә.Сәйденов

Зейнетақы қорларының кірістілік деңгейінің төмендеуі обьективті ағымға саналады - Ә.Сәйденов

Зейнетақы қорларының кірістілік деңгейінің төмендеуі обьективті ағымға саналады. Бүгін, 26-қаңтарда парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасына тағайындалған Әнуар Сәйденов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 26 Қаңтар 2004
  • 513
Фото - Caravan.kz

Ә.Сәйденовтың пайымдауынша, «ел экономикасы мен қаржылық сектор дамыған сайын қаржылық құралдардың кірістілік деңгейі міндетті түрде төмендейді». Сондай-ақ, «Зейнетақы қорларының кірістілік деңгейінің төмендеуіне белгілі дәрежеде зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі ұйымдар жұмысындағы кемшіліктер де өзіндік әсерін тигізді. Олар қаржылық құралдардың көбірек түрін пайдаланып, мейлінше диверсификациялық саясат жүргізуге тиіс болатын»,- дейді Ә.Сәйденов.

Келесі жағынан Ә.Сәйденовтың пайымдауынша, зейнетақы қорларының белсенділігі төмендеуі «тарихи ағымға саналады. Ол зейнетақы қорлары акцияларының басым бөлігі доллармен номинациялануының және соған тәуелділігінің салдары болмақ».
«Теңге нығая түскен өткен жыл бойы және биылғы жыл басынан бері зейнетақы қорлары активтерінің теңгемен өлшенген құны арзандай түсті. Ә.Сәйденовтың айтуынша, «зейнетақы қорлары бұған өзіндік жауап қайтаруда». Мәселен, «өткен жылы бағасы долларға таңылған немесе сол валютамен есептелген қаржылық құралдардың үлесі екі есе азайған».
Ә.Сәйденовтың пікірінше, «өткен жылы қабылданған жаңа заңға сәйкес, тек мемлекеттік қана емес, барлық меншік түріндегі зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша зейнетақы салымдарының сақталуын қамтамасыз етуге мемлекет кепілдеме береді деп көрсетілгендіктен, бұл тұрғыда зейнеткерлердің алаңдамауына болады». «Бұл кепілдеме зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталады»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар