Зейнетақы қорынан 1 трлн теңгеден астам қаржы берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнетақы қорынан 1 трлн теңгеден астам қаржы берілді

Зейнетақы қорынан 1 трлн теңгеден астам қаржы берілді

Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы қаржының бір бөлігін қажеттілігіне жұмсап үлгерді.

  • 14 Сәуiр 2021
  • 152
Фото - Caravan.kz


Нақтырақ айтсақ, қарттыққа деп сақталатын ақшаның белгілі пайызын алуға құқылы отандастарымызға заң күшіне енгелі 1 трлн теңгеден астам қаржы берілген. Бұл соманы салымшылар баспана мәселесін шешуге, ипотеканы жабуға жұмсаған. Жыл соңына дейін, әлі жинақтаушы қордан 550 мыңға жуық адам өз қаржысының бір бөлігін жаратуға мүмкіндік алмақ.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Елорда тұрғыны Фариза Рақышева алғашқылардың бірі болып, жинаған қаржысының жартысына жуығын ипотекасын жабуға жұмсаған. Азаматтардың салымы беріледі деген сыбыс шығысымен ол ақшаны алып қалуға қамданған көрінеді. Ал, енді екінші рет зейнетақы қорындағы қаражат берілсе маңдай терімен тапқан ақшасын басқа да пайдалы іске жұмсамақ ниетте. Бұл жалғыз Фаризаның ғана емес, күллік қазақстандықтардың арманы екені сөзсіз.

ФАРИЗА РАҚЫШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
"Наурыз айында мен өзімнің зейнетақы қорына жиналған қаржымды алуға өтініш бердім. Екі күннің ішінде қанағаттанарлық жауап келді. Бірден ол ақшаны ипотека жабуға жұмсадым. Қазір, ай сайынғы төлем қысқарды. Дәл осындай ұтымды ұсыныстар мемлекет тарапынан жиі жасалып тұрса, құба құп болар еді. Өйткені, тұрғындар өзінің материалдық жағдайын реттеп алуға мүмкіндік алады".

Қартайғанда пайдасын көремін деп жиналған пұлдың бір бөлігін жұмсау жағынан Маңғыстау облысы ешкімге дес берер емес. Өтініші қанағаттандырылған салымшылардың басым бөлігі осы аймақтың тұрғындары екен. Ал, екінші орында Алматы, үздік үштікті Нұр-сұлтан қалалары түйіндеп тұр. Сондай-ақ, ақшасын ет жақын туысына көмектесу үшін алған жандардың да қатары қалың.

"Сәуір айындағы мәліметке қарағанда 210 мың азаматтың зейнетақы қорынан жарнасын алуға берген өтініші қанағаттандырылған. Оларға аударылған қаржы 1 трлн теңгені құрады. Жинағына қол жеткізгендердңң басым бөлігі үй алуға — 53,1%, ипотеканы жабуға — 18,2%, ипотека алуға — 8,8%, баспана тұрғызуға — 2,8%, туыстарына көмек көрсетуге — 16,5%, жұмсаған".

Дертіне шипа іздеген жандар да зейнетақы қорындағы қаржысының бір бөлігін алуға өтініш берген. Қанағаттандырылған сұрауларға орта есеппен 1 млн теңгеден ақша аударылыпты. Емделгісі келген жандардан Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау облыстарынан көптеп сұраныс түскен көрінеді. Ал, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, осының әсерінен бүгінде зейнетақы қорындағы активтер жыл басынан бері 2,3%-ға төмендегенін мәлімдеді.

ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
"Зейнетақы активтері биылғы жылдың басынан бері халықтың қаражатты мерзімінен бұрын алуына байланысты 300 млн теңгеге немесе 12,6 трлн теңгеге дейін төмендеді. Салымшылар енгізген зейнетақы жарнасының көлемі 300 млрд теңгеге жақын".

Әр қазақстандық ай сайын табысының 10% жырып, зейнетақы қорына құйып жатыр. Әлбетте, кез-келген салымшы оның пайдасын көргісі келеді. Бірақ, 2014 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Әзірбайжан банкіне 71 млрд теңге инвестиция құйып, кейін ол мекеменің банкрот болғанын көпшілік әлі ұмыта қойған жоқ. Түптің түбінде қор өз қаржысын 2019 жылға қарай әупірімдеп жүріп қайтарып алған еді.

БАУЫРЖАН ИСКАКОВ, ЭКОНОМИСТ:
"Қарапайым халықтың көңілінде жүрген біраз сұрақтар. Кезіндегі біздің біраз қорда жиналған қаражаттары кейін ұстағанның аузында, тістегеннің қолында кетіп қалмай ма екен? Ол қаражаттарымыз инфляцияның құрбаны болып кетпей ма екен деген сұрақтар болған. + 01:44 Бұдан ешкімде ұтылған жоқ. Біріншіден, халық өзінің біраз бөліктеріндегі үй мәселесін шешті. Екіншіден құрылыс компаниясына бұл үлкен экономикалық жандандыру берді деп айтамыз".

Айта кетейін, бұл науқан барысында қорға шекті сома жинағандарға жыл соңына дейін тағы 1,5 трлн теңге үлестірілмек. Сондай-ақ, салымшылар қаражатты жұмсауға болатын қызметтер қатарының артқанын қалайды. Бұған дейін бірқатар ұсыныстар да айтылды. Бірақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл жөнінде әзірге мардымды жауап бермей отыр.

 

Соңғы жаңалықтар