"Зейнетақы жетпей ме деп қорқамын": Динара Сәтжан табыстың 20%-ін жинауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Зейнетақы жетпей ме деп қорқамын": Динара Сәтжан табыстың 20%-ін жинауға шақырды

"Зейнетақы жетпей ме деп қорқамын": Динара Сәтжан табыстың 20%-ін жинауға шақырды

Динара Сәтжан жалақының 20%-ін жинап, қартайған шақта қалай қысылмай өмір сүруге болатындығын айтты.

  • 24 Сәуiр 2019
  • 19
Фото - Caravan.kz

Тележүргізушінің айтуы бойынша қазіргі таңда ел экономикасы қарқынды дамып, аяққа тұрып келе жатыр. Мемлекет біртіндеп өсу процесіне өткендіктен, қазақстандық кәсіпкерлер тіпті француздардың төлейтін салығынан да көп қаржы төлеуге қауқарлы екен.

«Бүгін құрбыммен кездестім. Ол қаржылық кеңесші. Бірізділік жайлы сөз қозғады. Осыдан 10 жыл бұрын денсаулығымды сақтандыруға мәжбүрлеген кезде де осы туралы айтқан. Ол бізде ақшаны банкте сақтау немесе жылжымайтын мүлікке құю өте қауіпті екенін ескертеді. Үйдің шаршы метрі 3000 АҚШ доллары бағамына жетсе де, көптеген банк жабылып, қызметін тоқтатып жатса да, мен оған бәрі жақсы екенін түсіндіруден жалықпаймын. Мемлекет біртіндеп өсіп келеді. Кәсіпкерлер Франциямен салыстырғанда әлдеқайда көп салық төлей алады. Осы тұста мен құрбыммен келіспей қаламын», — дейді Динара Сәтжан.

Сән әлемінде бақ сынап жүрген продюсер қыстың қамын жаз ойла деп, болашақты алдын ала жоспарлап, қартайған шағыңа қаржы жинаған дұрыс деген пікір білдірді. Біраз жасқа келіп, ата-әже болғанда азғантай зейнетақы не әрі, не бері жеткізе алмай жүргенше, қазір ақшадан қысылса да, болашағыңды қамтамассыз етіп қой деп кеңес береді тележүргізуші.


«Құрбымның қартайған шағыңа ақша қорын жинақтау керек деп айтатын сөзімен ғана келісемін. Мәселен, 60 жысыңда дәл қазіргідей өмір сүргің келсе, өз жасыңды азайтып таста да, айына қанша қаржы жинау керегін айт. Сол кезде ғана 70 жасқа жеткен ата-әже болғанда азғантай зейнетақыға өмір сүрмейсің. Өмір бақи шағымданып, зардап шегіп қорлық көріп өтуге болады. Бірақ, қазірден бастап қартайған шағыңа өзіңе азық болатындай жалақыңның 20%-ін жина», — дейді Динара Сәтжан.

Соңғы жаңалықтар