Жарияланды: 430

Зейнетақы жинағы қартайғанда қажетіңізге жарар қаражат, ал оның тағдырын мемлекет мойнына артпай біліп отыру - жауапкершілік

Жыл сайын қаңтар айында еліміздің барлық зейнетақы қорлары заңға сәйкес өз салымшыларына қызметі туралы ақпарат береді. Жұмыс істейтін қазақстандықтарға өткен жылдың ішінде есеп-шотына қанша ақша түскендігі, олар үшін зейнетақы қорлары қанша ақша тапқандығы және қорытындысында қанша қаржылары бар екендігі туралы хат жіберіледі.

«Астана» ЗЖҚ сарапшыларының атап өтуінше, жалпы мұндай ақпарат салымшыларға өз зейнетақы қорларының тиімділігін бақылауға және бәсекестерінің жұмысымен салыстыруға мүмкіндік береді. Зейнетақы қорларынан хат алған салымшының көңіл-күйі қандай болады?. Бірі қуанса, екінші таңқалады, ал енді бірі көңілінің толмағандығын білдіреді. Дегенмен мұндай көңіл-күй ұзаққа бармайды. Келген хат бір шолынғаннан кейін жәшік түбіне кетеді. Бірақ та, жинақталған қаржының көлемі мен өсім динамикасы жазылған зейнетақы қорының түбіртегінде кәрілікте талай жылғы бейнеттің қалай зейнетін көруге болатындығы тайға таңба басқандай айқын жазылады. Сондықтан да оны жәшік түбіне тастамай тұрып тыңғылықты оқып шыққан абзал. Өйткені хатты зейін қойып оқып шықсаң, зейнеткерлікке шыққандағы өміріңнің қуанышқа толы болуы үшін не істеу керектігі айқын жазылады. Зейнетақы жинақтаушы қорлардың ең маңызды сапасы тиімділік, сенімділік және ашықтық екендігі белгілі. Табыстылық - бұл кез келген зейнетақы жинақтаушы қордың ең маңызды көрсеткіші. Қор сіз үшін қаржы мол тапқан сайын соңғы нәтижеде зейнетақыңыздың көлемі де арта түседі. Сондықтан да өз түбіртегіңіздегі сандарды достарыңыздың не болмаса туыстарыңыздың түбіртегіндегі ақпараттармен салыстырыңыз. Міне осылайша өзіңіздің қорыңыздың қалай жұмыс істейтіндігін білуіңізге болады. К2 коэффициенті бойынша ақпарат беретін ҚР Ұлттық банкі Қаржылық қадағалау комитетінің www.afn.kz сайтына қарағанда сіз өз жақындарыңыздың түбіртегінен шотыңызға аударылған нағыз ақшаны көре аласыз. Мәселен, сізде және досыңызда 1 миллион теңгеден ақша жинақталды. Сіздің зейнетақы қорыңыз бір жылдың ішінде 30 мың теңге, ал досыңыздікі 50 мың теңге көлемінде табыс әкелді. Демек, сіздің досыңыздың зейнетақы қоры тиімді жұмыс істеуде әрі оның зейнетақы жинағы жылдам өсуде деген сөз. Оның пайызы да, сомасы да жоғары. 20-30 жылдан кейін сіздің жинақтарыңыздың арасындағы айырмашылық барынша үлкен болады. Сіз зейнетақыңызға немереңізге велосипед сатып алсаңыз, ол көлік алып бере алатындай қауқарлы болады. сондықтан да уақыт оздырмай салымыңызды досыңыздың зейнетақы қорына аударыңыз. Қорлардың табыстылығы неге негізделеді? Сіздің қорыңыздың танымал қазақстандық және халықаралық компанияның құнды қағазына ие болуы барынша маңызды. Мұндай қағаздар мол болса, онда қор белсенді әрі табысты жұмыс істейді деген сөз. Бұл ақпаратты өзіңіздің зейнетақы қорыңыздан білуге болады. Егерде зейнетақы қоры өзінің инвестициялық қызметі туралы толыққанды ақпарат жарияламаса, онда ол еліміздің зейнетақы заңнамасына қарама-қайшы келеді. Мемлекет зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік бергенімен ең дұрысы барынша сенімді зейнетақы қорын таңдаған абзал. Байыпты рейтинг агенттігінің сенімділіктің жоғары рейтингі қордың сауатты инвестициялық саясат жүргізетіндігін әрі шығынға жол бермейтіндігін білдіреді. Зейнетақы жинағы бұл қартайған шағыңда қажетіңе жарар ақша әрі көптеген азаматтарда қазірдің өзінде жүздеген мың қаржы жинақталды. Ал оның тағдырын білу мемлекеттің мойнына артуға болмайтын жауапкершілік. «Бәрібір де ешкім өзінің зейнетақы ақшасын көрмейді, деп соғатын жекелеген адамдардың сөзіне құлақ асудың еш қажеті жоқ. Жинақтаушы зейнетақы қоры 15 жыл тұрақты жұмыс істеп келеді әрі ол қаржы дағдарысына да төтеп берді және де болашақта да тиімді жұмыс істеуге қауқарлы», - деді «Астана» ЗЖҚ мамандары. Сарапшылар қордан келген түбіртекті қажеті жоқ қағаз ретінде қарамауға шақырып, ондағы мәліметтерді зерделеуге кеңес береді. Өзіңе, болашағыңа жауапты бол, жинағыңа қамқорлықпен қарап, сөзбен емес, іспен салымыңызды еселейтін зейнетақы қорын таңдаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін