Жарияланды: 650

Зейнетақы жинақтаушы қорлардың инвестициялық кірісінің азаюы салдарынан қор салымшылары шығынға ұшырады

Зейнетақы жинақтаушы қорлардың инвестициялық кірісінің азаюы салдарынан қор салымшылары шығынға ұшырады

Алматы. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Зейнетақы жинақтаушы қорлардың инвестициялық кірісінің азаюы салдарынан қор салымшылары шығынға ұшырады. Бұл туралы "Қорғау" Зейнетақы жинақтаушы қоры" АҚ басқармаларының төрағасы Рүстем Хайдаров кеше "Зейнетақы жинақтау жүйесі - жаңа қатерлер" тақырыбындағы дөңгелек үстелде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Салымшы мүлдем шығынға ұшыраған жоқ деп айтуға болмайды. Ол жалған. Мен заңгер ретінде акционерлер емес, салымшылар шығынға ұшырады деп сеніммен айта аламын. Ал Қаржылық бақылау агенттігінің ешкім шығынға ұшыраған жоқ деп мәлімдеуі шындыққа сай келмейді. 6,5 млн адамның аузына қақпақ қойып, ешкім шығынға ұшыраған жоқ деуге болар ма екен", - деді Р.Қайдаров. "Өткен жылы салымшы 2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен өзінің жинақтары туралы ақпаратты алған кезде оның инвестициялық кірісі 100 мың теңге болса, қазір 2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен ол 20 мың болмақ, олай болса ол менің 80 мың теңгем қайда деп сұрауға құқылы. Егер ол сотқа шағым беретін болса, жеңіске жетеді", - деді ол. "Мен еліміздің еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің зейнеткерлер ешқандай шығынға ұшыраған жоқ деген сөз үшін ұялдым. Салдымшы мен зейнеткер - екі түрлі нәрсе, салымшы - келешек зейнеткер. Сол себепті еліміздің еңбек және әлеуметтік қорғау министрі дұрыс түсініктеме беріп, салымшыларды тыныштандыруға тиіс. Ол зейнеткерлер ештеңе жоғалтқан жоқ деді. Мүлдем олай емес, зейнеткерлер жоғалтты, осыны көзді ашып тура айту керек. Ал олар енді ештеңе жоғалтпауы үшін, зейнетақы қорлары шығындардың орнын тез толтыруы керек, бұл жерде парламент, үкімет пен қаржылық институттардың жұмысы қажет", - деді ол. "Мен қазір бір нәрсеге таңырқап отырмын. Ірі зейнетақы жинақтаушы қорлар бүгін неге шығынға ұшырап отыр? Осыдан үш жыл бұрын президент зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары банктермен аффилиирлік байланыста болуға тиіс емес деді. Оны ешкім орындаған жоқ. Осыдан кейін "Валют-Транзит банк" өзінің сақтандыру компанияларымен және зейнетақы қорымен бірге құлады, енді міне ірі банктердің жағдайы ушығып отыр. Ал біздің мақтаулы үкіметіміз не істеді - рұқсат берді, енді олар еншілес ұйым деп атайтын болды, банк баяғы сол қожайын күйінде қалды", - деді ол. "Ірі зейнетақы қорлары не себепті шығынға ұшырады? Оған себеп - банк оларға басшылық жасайды. Ол өз акциясын сатып алуға міндеттейді, сол себепті зейнетақы қоры оны сатып алуға мәжбүр болды, сонымен бірге ол өз клиентіне өз қағаздарын сатып алуды міндеттеді, ал оның қағаздарын тағы да зейнетақы қорлары сатып алды, яғни, зейнетақы қоры барлық жағынан кепілге алынғандықтан, шығынға ұшырады", - деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін