Зейнетақыны жоғары мөлшерде төлей бастадық - министр Дүйсенова - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнетақыны жоғары мөлшерде төлей бастадық - министр Дүйсенова

Зейнетақыны жоғары мөлшерде төлей бастадық - министр Дүйсенова

Шілдеден бастап зейнетақының көлемі ұлғайды. Аталған әлеуметтік көмектің алғашқы төлемі барлық зейнеткерлерге аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 26 Шiлде 2017
  • 283
Фото - Caravan.kz

«Бүгін біз зейнетақының жоғары мөлшерін барлық 2 млн зейнеткерімізге төлеуді аяқтадық. Осы мақсатта тек бір айға бюджеттен қосымша 50 млрд теңге бөлінді. Бұдан бөлек, 1 шілдеден бастап нәрестелі болған отбасылар бір реттік жәрдемақыны 20 пайызға артық ала бастады», — деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы зейнетақы көлемін 2016 жылғы деңгейден 20 пайызға арттыруды, сондай-ақ 1 шілдеден бастап бала тууына байланысты бір реттік мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 20 пайызға ұлғайтуды тапсырған болатын.


 

Соңғы жаңалықтар