Зейнеткерге әлімжеттік жасағандар жазасын алды
Қостанайлық жедел қызметкерлер Затобольск кентінің қарт адамдарына жасалған қарақшылық шабуылды ашты. |
Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ІІМ баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз хабарлады.
Оның мәлімдеуінше, оқиға былай болған. Күндіз беттеріне бетперде киген үш адам зейнеткерлердің үйіне баса-көктей кіріп, оларды пышақпен қорқытып, ұрып-соғып, байлап тастайды. Жәбірленушілердің ақша сақтайтын жерін күшпен біліп алған қылмыскерлер 14 мың теңге мен 7 мың АҚШ долларын иемденіп, ізін суытады.
«Іздестіру шараларын жүргізу кезінде күдіктілер құрықталды. Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін олар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - дейді ІІМ баспасөз хатшысы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін