Зейнеткерге әлімжеттік жасағандар жазасын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A

Зейнеткерге әлімжеттік жасағандар жазасын алды

Зейнеткерге әлімжеттік жасағандар жазасын алды

Қостанайлық жедел қызметкерлер Затобольск кентінің қарт адамдарына жасалған қарақшылық шабуылды ашты.

  • 5 Желтоқсан 2012
  • 230
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ІІМ баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз хабарлады.

Оның мәлімдеуінше, оқиға былай болған. Күндіз беттеріне бетперде киген үш адам зейнеткерлердің үйіне баса-көктей кіріп, оларды пышақпен қорқытып, ұрып-соғып, байлап тастайды. Жәбірленушілердің ақша сақтайтын жерін күшпен біліп алған қылмыскерлер 14 мың теңге мен 7 мың АҚШ долларын иемденіп, ізін суытады.

«Іздестіру шараларын жүргізу кезінде күдіктілер құрықталды. Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін олар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — дейді ІІМ баспасөз хатшысы.