Зейнеткерлерді тегін тасуды тоқтатқан Семей әкімдігін прокурорлар тексеріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнеткерлерді тегін тасуды тоқтатқан  Семей әкімдігін прокурорлар тексеріп жатыр

Зейнеткерлерді тегін тасуды тоқтатқан Семей әкімдігін прокурорлар тексеріп жатыр

Семейде зейнеткерлер мен көп балалы аналар қоғамдық көліктерде қарастырылған 50 пайыз жеңілдіктерінен қағылды.

  • 13 Қараша 2015
  • 190
Фото - Caravan.kz

Бүгінге дейін осы әлеуметтік топқа жататындар автобустарда 30 теңге төлеп келген. Ал осыған дейін екі ірі автопарк қожайындары ешкіммен келіспей-ақ жолақыны 15 теңгеге қымбаттатқан болатын. Бұл іске қатысты жедел тексеріс жүргізген прокуратура заңсыздықты анықтады. Сондықтан 75 теңгеге көтерілген соманы 60-қа қайта түсірген. Бірақ енді жұрт жеңілдіктен қағылып отыр. Ал құзырлы орган жолақының негізсіз көтерілуіне жол беріп, жеңілдікті алып тастаған әкімдікті тексеріп жатыр.

Тәжиден Найманов, Семей қаласының прокуроры:

-Бүгінгі кезде бұл тарифті уақытымен қарамаған әкімшілікке де тексеріс жүргізіп жатырмыз. Егер, ондағы лауазымды тұлғалардың заң бұзғаны анықталса, ол кісілерді жауапқа тартамыз.