Зейнетақы активтерін жеке басқарудан Ұлттық банк басқаруына қайтару тізбесі кеңейтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнетақы активтерін жеке басқарудан Ұлттық банк басқаруына қайтару тізбесі кеңейтілді

Зейнетақы активтерін жеке басқарудан Ұлттық банк басқаруына қайтару тізбесі кеңейтілді

Зейнетақы активтерін жеке басқарудан Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруына қайтару жағдайларының тізбесі кеңейтілді.

  • 4 Қыркүйек 2024
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен мәлім етті.

Ведомство мәліметінше, «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» агенттік басқармасының 2024 жылғы 29 тамыздағы №72 қаулысы қабылданды. 

Қаулы қаржы құралдары – брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті қоса атқару мүмкіндігін көздейді. Бұл жаңалық клирингтік ұйымның өз функцияларын орындауының тиімділігін арттыру және Қазақстанның қор нарығында мәмілелердің орындалуына кепілдік беруді қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

Сонымен қатар қаулыда бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқарудың тәртібі мен талаптары айқындалған.

«Құжат зейнетақы активтерін жеке басқарудан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару жағдайларының тізбесін де кеңейтеді. Аталған тізімге 55 жасқа толған және еңбек жағдайлары зиянды кәсіпорындарда еңбек еткен азаматтар енгізілген. Бұл талап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен белгіленген кесте бойынша БЖЗҚ-дан осындай адамдарға зейнетақы төлемдерінің енгізілуіне байланысты іске асырылды», — деп атап өтеді агенттіктен.

Перейти к новостям спорта