Зейнетақы төлемдерінен 20% ұсталынып қалады деген рас па - kaz.caravan.kz
  • $ 481.54
  • 553.24
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнетақы төлемдерінен 20% ұсталынып қалады деген рас па

Зейнетақы төлемдерінен 20% ұсталынып қалады деген рас па

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерде таралып жатқан зейнетақы төлемдерінен 20% ұстап қалу енгізілді деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты

  • 30 Наурыз
  • 5
Kazakhstan money - tenge. 500, 1000, 2000, 5000, 10000 banknotes. Close up of tenge on white background. High quality photo

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

— Белгісіз тұлғалардың deepfake технологияларын пайдалана отырып, ынтымақты зейнетақы төлемдері 20%-ға қысқартылады деген жалған мәліметі бар бейнероликтер таратып жатқанын хабарлаймыз.

Еске саламыз, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері Ұлттық банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға арттырылды, — делінген Еңбекмині хабарламасында.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде жыл сайын кезең-кезеңімен ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшері 120%-ына дейін ұлғайтылып отыр.

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені (күнкөріс деңгейінің 70%-ы), ал ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін ұлғайтылып, 60 005 теңге болды.

— Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске саламыз, — делінген хабарламада.