Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«2026 жылы төменгі жеткілікті шек мөлшері орта есеппен 10 пайызға өсті, бұл жалпы инфляцияның қазіргі және алдағы мәндеріне сәйкес келеді», — деп жазылған хабарламада.
Анықтама: ең төменгі жеткілікті шек — салымшы зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес мөлшерде зейнетақы (ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескеріп) алуы үшін шотта қалуға тиіс ең төменгі көрсеткіш.

2026 жылғы төменгі жеткілікті шекті есептеу кезінде мына әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылған:
- ең төменгі жалақы мөлшері — 85 000 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері — 69 049 теңге;
- ең төменгі күнкөріс деңгейі — 50 851 теңге.