Зейнетақы жинағындағы ақшаны емделуге алуға қашан рұқсат беріледі? - kaz.caravan.kz
  • $ 510.43
  • 594.86
-7 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнетақы жинағындағы ақшаны емделуге алуға қашан рұқсат беріледі?

Зейнетақы жинағындағы ақшаны емделуге алуға қашан рұқсат беріледі?

Елімізде азаматтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатын емделуге пайдалану мүмкіндігі алдағы алты айға уақытша тоқтатылды

  • 15 Қаңтар
  • 4
ФОТО: gov.kz

Бұл туралы «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, соңғы уақытта радиохирургиялық қызметке қатысты өтінімдер саны күрт көбейген. Егер бұрын мұндай өтініштер айына оннан аспайтын болса, биыл қаңтар айында олардың саны жеті мыңға дейін жеткен.

Жүргізілген тексеріс барысында бірқатар медициналық ұйымдарда қажетті құрал-жабдық пен білікті мамандардың жоқ екені белгілі болған. Сонымен қатар бір клиника көрсетілген мекенжайда мүлде тіркелмеген болып шыққан.

Қазіргі таңда заңсыз әрекеттердің алдын алу бағытында тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.