Зеленов ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің алдының төбесі жабылып, терезелері салынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зеленов ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің алдының төбесі жабылып, терезелері салынуда

Зеленов ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің алдының төбесі жабылып, терезелері салынуда

Тасқын судан зардап шеккен Зеленов ауданының орталығы Переметный кентінде салынып жатқан тұрғын үйлердің алдының төбесі жабылып, терезелері салынуда.

  • 3 Маусым 2011
  • 543
Фото - Caravan.kz

Аудан әкімдігінен алынған мәліметке қарағанда, ауданда суға кеткен баспаналардың орнына барлығы 106 үй салынуы тиіс. Соның ішінде Переметныйда 6 бірпәтерлік, 43 екіпәтерлік үй бой көтеруде. Сондай-ақ Зеленый ауылында 7 қоспәтерлік үй салынуда.

Құрылыс орнында «Жером», «Балтемен», «АБДиЛ» және «AIBAS COMPANY» ЖШС жұмыс жасауда.

15 шілдеге дейін бітіру көзделіп отырған тұрғын үйлердің жалпы құны — 488,264 млн. теңге. Инженерлік желі құрылысына 274,936 млн. теңге қаралған.

«Жером» ЖШС учаске бастығы Николай Завидовтың айтуынша, құрылыста ешқандай іркіліс жоқ. Кәсіпорын 19 қоспәтерлік және 6 бірпәтерлік үйді тұрғызуда. Мұнда 200-ге жуық адам жұмыс жасауда. 15 маусымға дейін кірпіш қалау аяқталып, әрі қарай үйдің ішкі жұмыстары басталмақ. Үйлер электр қуаты, су және газбен толықтай қамтамасыз етілмек.

Сонымен қатар абаттандыру жұмыстары да атқарылады.

Соңғы жаңалықтар