Зеленский халыққа видео үндеу жасады: "Бізді үлкен соғыс болады деп қорқытып жатыр" - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зеленский халыққа видео үндеу жасады: "Бізді үлкен соғыс болады деп қорқытып жатыр"

Зеленский халыққа видео үндеу жасады: "Бізді үлкен соғыс болады деп қорқытып жатыр"

Украина президенті Владимир Зеленский халыққа видео үндеу жасап, 16 ақпанда мемлекеттік мереке - Украина бірлігі күні болатынын мәлімдеді. Бұл күні барлық елді мекендегі үйлер мен құрылыстарда Украинаның мемлекеттік туын көтерілуі қажет.

  • 15 Ақпан 2022
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Бізді үлкен соғыс болады деп қорқытады және тағы да әскери басып алу күнін белгіледі. Бұл бірінші рет емес. Бірақ біздің мемлекет бүгін бұрынғыдан да күшті… 16 ақпанда шабуыл болатынын айтты. Ол күні бірлік күні болады. Жарлыққа қазірдің өзінде қол қойылды. Ол күні біз мемлекеттік туларды іліп, көк және сары ленталар тағып, бүкіл әлемге бірлігімізді көрсетеміз", — деді Зеленский.

Ол билік қауіпсіздік жағдайын бақылап отырғанына, ал Украина әскері шабуылға табандылықпен тойтарыс беруге заманауи қару-жараққа ие екеніне сендірді.

"Біз ешқашан беріліп көрмегенбіз және оған үйренбейміз де… Иә, қазір бәрі бұлыңғыр сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ ертең бейбіт аспанымызда күн қайта көтеріледі. Украинаны сүйіңіз! Біз сабырлымыз. Біз күштіміз. Біз біргеміз. Ұлы елдің ұлы адамдары", — деді Украина президенті.

Сондай-ақ, Зеленский жақында Украинадан кеткен олигархтар мен бизнесмендерден оралуды сұрады.


"Мен Украинадағылар және Украинамен қалғандарға емес. Осы ең шешуші сәтте оны тастап кеткендерге үндеу жасаймын. Сіздің күшіңіз ақшада, ұшақта емес. Сіз көрсете алатын азаматтық ұстанымыңызда.

Халқыңа, еліңе қайт, соның арқасында зауыттарыңды, байлығыңды алдың. Бүгін бәрі Украина азаматтығына сынақтан өтеді. Оны абыроймен өтіңіз. Украина кім үшін нағыз Отан, ал кімдер үшін жай ғана ақша алаңы екенін бәрі түсінсін", — деді ол