Зерендіде мүгедек-спортшылардың аймақтық біріншілігі мәреге жетті - Ақмола облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зерендіде мүгедек-спортшылардың аймақтық біріншілігі мәреге жетті - Ақмола облысы

Зерендіде мүгедек-спортшылардың аймақтық біріншілігі мәреге жетті - Ақмола облысы

Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданы аумағында орын тепкен «Сұңқар» сауықтыру кешенінде қайырымдылық айлығы аясында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы облыстық филиалының қолдауымен мүгедек-спортшылар арасында аймақтық біріншілік мәреге жетіп, жеңімпаздар арнайы марапаттауға ие болды.

  • 29 Қазан 2010
  • 638
Фото - Caravan.kz


Спорттық шараға жиналғандарды нұротандықтар атынан құттықтаған облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Шойкин әрқайсысына жарыста жеңіс пен табыс тіледі. Зеренді, Сандықтау, Бурабай аудандары мен облыстық зағиптар қоғамының өкілдері спорттың алты түрі бойынша бақтарын сынады. Аймақтық сайысқа барлығы 26 үміткер қатысқан болатын. Үшкүндік жарыс қорытындысында мылтық атудан сандықтаулық Ринат Ганетдинов, стол тенисінен бурабайлық Арман Жолдасов, шахматтан зеренділік Серік Ахметов, дойбыдан сандықтаулық Сергей Логиновский, тоғызқұмалақ бойынша сайыста Сандықтау ауданының сполртшысы Дүйсенбай Әкешев бірінші орынды еншілеп, арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера