Жарияланды: 510

Ж. Досқалиевке қатысты сот үрдісі аяқталуға жақын

Экс-министрге қатысты сот үрдісі аяқталуға жақын. Қазір оған қатысушылар Жақсылық Досқалиевтің қылмыстық ісімен танысуда. Алайда бұл рәсімнің өзі ұзақ уақытқа созылды.

Естеріңізге сала кетсек, Астана қаласындағы ауданаралық сот бұрынғы денсаулық министрінің ісін қарауға мамырдың 19-ында кіріскен. Жақсылық Досқалиев ірі көлемде пара алғаны үшін айыпталуда. Бүгінге дейін көптеген куәгерлерден жауап алынды. Енді әділ сот назарына қылмыстық істің өзі ұсынылды. Тергеушілер жинаған материалдардың көлемі 79 томды құрайды. Әр парақты қалт жібермей оқып шыққан прокурор енді сөз кезегін өзгелерге бермек. Алдағы уақытта айыптаушылар мен қорғаушылар арасында өзара пікірталас болуы тиіс. Жақсылық Досқалиев болса, сот барысын талқылауға әлі дайын емес. Бұрынғы министр тек бұлтартпау шарасының өзгергеніне риза. Тергеу абақтысынан үйіне жіберілгеннен кейін ол денсаулығына көбірек көңіл бөлетін болды.

Жақсылық Досқалиев, сотталушы:

- Көмек толық мөлшерде көрсетіліп жатыр.  Бірақ, денсаулық енді мәз емес. Күн салқында  жаман емес, ал ыстықта  қан қысымым көтеріледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін