Ж. Түймебаев Іскерлер мен өнеркәсіпшілер қауымдастығының сыйлығына ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ж. Түймебаев Іскерлер мен өнеркәсіпшілер қауымдастығының сыйлығына ие болды

Ж. Түймебаев Іскерлер мен өнеркәсіпшілер қауымдастығының сыйлығына ие болды

Түркияда өнеркәсібі дамыған Коджаелі провинциясы Гебзе ауданының Іскерлер мен өнеркәсіпшілер қауымдастығының ұйымдастыруымен ең үздік мемлекет қайраткерлері мен іскер адамдарды марапаттаудың 18-ші салтанатты рәсімі өтті.

  • 31 Мамыр 2011
  • 377
Фото - Caravan.kz

Рәсімге Түркия Республикасының Индустрия және сауда министрі Нихат Ергүн, Түркия Президентінің кеңесшісі Дурмуш Йылмаз, Коджаелі губернаторы Ерджан Топаджа, ТР Парламентінің депутаттары, іскер топтарының өкілдері қатысты.

Биылғы жылы сыйлыққа экономика, индустрия, сауда және халықаралық экономика салаларында айрықша көзге түскен саясаткерлер мен іскер топтарының өкілдері ие болды. Барлығы 17 сыйлық тапсырылды. Олардың арасында Түркия Республикасының Индустрия және сауда министрі Нихат Ергүн, Түркия Президентінің кеңесшісі Дурмуш Йылмаз, «ТУСКОН» іскерлер мен өнеркәсіпшілері конфедерациясының төрағасы Рызанур Мерал және басқалары бар.

Қазақстан Елшісі Жансейіт Түймебаев шетелдік өкілдер арасында құрметті қонақ ретінде шақырылған және «Қазақстан мен Түркия арасындағы арасындағы достықты дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» сыйлық алған жалғыз шетелдік болды.

Аталған іс-шара Түркия ұлттық арналары бойынша көрсетілді және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды.

Соңғы жаңалықтар