Ж. Тұяқбай: Англияның Әблязовқа саяси баспана беруі заңды шешім болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ж. Тұяқбай: Англияның Әблязовқа саяси баспана беруі заңды шешім болды

Ж. Тұяқбай: Англияның Әблязовқа саяси баспана беруі заңды шешім болды

Англияда «БТА банк» АҚ-ның директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовқа саяси баспананың берілуі заңды шешім болды, деп мәлімдеді ҚазТАГ-қа сұхбат берген «Азат» ЖСДП-сының тең төрағасы Жармахан Тұяқбай.

  • 13 Шiлде 2011
  • 505
Фото - Caravan.kz

«Мен М. Әблязовқа саяси баспана берілетініне күмәнданған жоқпын. Ол 10 жылдан артық уақыт оппозициялық алаңда жүрді, бүгінгі саяси режимге көңілі толмайтынын білдіріп келді, бұл барлығына белгілі. Билік тарапынан оның тұлғасына қатысты ерекше қатынас бар екені анық еді», — деді Ж. Тұяқбай сәрсенбі күні өз пікірін білдіре отырып.

Оның айтуынша, БТА банкпен болған оқиға, М. Әблязовтың шетелге кетуі, биліктің қылмыстық іс қозғау арқылы оны елге қайтаруды талап етуі Англияның әділет саласындағыларда Қазақстанда М. Әблязовты әділ соттайтынына қатысты күдік тудырды.

«Қазақстанда М. Әблязовқа зәбір көрсетілуі мүмкін деген қауіп бар. Мұны ескерген Англия соты осындай шешім қабылдады. Бұл заңды шешім болды», — деді Ж. Тұяқбай.

Сондай-ақ, ЖСДП лидері билік пен М. Әблязов арасындағы қақтығысты азаматтық-құқықтық алаңда шешу керек деп есептейді.

«Мен БТА банкпен болып жатқанның бәрі қылмыстық емес, азаматтық-құқықтық нормалардың алаңында жатыр деген пікірді ұстанамын. Банкті сондай жағдайға мемлекеттің араласуы апарды ма, әлде дұрыс жүргізілмеген менеджмент жеткізді ме, мұны дөп басып айту қиын», — деді ол.

М. Әблязовқа Ұлыбританияда саяси баспана берілді.

Экс-банкир М. Әблязовқа қатысты қылмыстық іс 2009 жылдың басында қозғалған, ол кезде мемлекет «Самұрық-Қазына» қоры арқылы БТА банкке кірді. Сарапшылардың бағалауынша, М. Әблязов оффшорлар мен қамсыздандырылмаған несиелер арқылы Қазақстаннан БТА арқылы $10 млрд-қа дейін қаржы шығарған.

М. Әблязов қылмыстық іс қозғалғанда елден қашып кетті. 2011 жылдың қаңтарында Қазақстанның бас прокуратурасы Ұлыбританияға қашқын банкирді экстрадициялау туралы өтініш жолдады.

Қашқын банкир өзін саяси себептер бойынша қудалауға ұшыратты деп есептейді. БТА Банктің экс-басшысы М.Әблязовқа қарсы шағымын Лондонның Жоғарғы соты қарап жатыр.

Соңғы жаңалықтар