"Жабайылықты көріп қаным қайнады". Белгілі адвокат жылқы басқан адамды қайта жауапқа тартуды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жабайылықты көріп қаным қайнады". Белгілі адвокат жылқы басқан адамды қайта жауапқа тартуды талап етті

"Жабайылықты көріп қаным қайнады". Белгілі адвокат жылқы басқан адамды қайта жауапқа тартуды талап етті

Белгілі адвокат Жангелді Сүлейманов Алматы облысы Междуреченск елді-мекенінде орын алған оқиға бойынша пікір білдірді.

  • 20 Шiлде 2022
  • 1246
Фото - Caravan.kz

Ол жылқыны қасақана көлігімен басқан адамды қайтадан жауапқа тартуды талап етті, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы.  

«Жылқыны басып өткен санаға сыймайтын істі көрмеу, оқымау мүмкін емес. Осындай жабайылықты көріп қаным қайнайды.Ешқандай жануарға себепсіз зиян тигізуге болмайды. Ешқашан! Тіпті ең кішкентай жәндіктерге де! Жылқы — әлемдегі ең әдемі жаратылыс. Мен үшін жылқы ерекше жануар!

Алдымен 316 бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жануарларға қатыгездік танытқаны үшін. Ал кейін жәбірленушімен татуласуына байланысты іс қысқартылды. Менің ойымша, бұл бап бойынша жәбірленуші — ол жануардың иесі емес.

Иесі тоңазытқыштың есігімен тұншықтырған атыраудағы иттің оқиғасын еске түсіріңізші. Ол кезде иттің иесі болса да, оның үстінен осы бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.Егер жәбірленушілер малдың иесі деп есептейтін болсақ, онда олар өзіне тиесілі жануарды азаптап өлтіруі керек пе? Жоқ әрине.

Жануардың иесі бір мезгілде қылмыскер де, жәбірленуші де бола алмайды.Ол өзімен-өзі келісімге келеді ме сонда.Үйсіз немесе жабайы жануарлар азапталып немесе өлтірілсе, иесі жоқ болса, жәбірленуші де жоқ деп санала ма.


Ендеше, прокуратурадан осы құбыжықтың үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатуды жойып, қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраймын», деп жазды адвокат..

Соңғы жаңалықтар