Бұл туралы ол "Астарлы ақиқат" бағдарламасының журналисіне айтып берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Медет те, әйелі де хабарсыз кетті. Шоттарымды жауып тастап ақшамды қайтара алмай отырмын деген. Негізі менен 25 миллион теңге алған. Осы істі жаба алмай жатқан болар деп бергенмін. Соны алды да жоқ болды. Не ойлайтынымды білмей отырмын. Толғанғайға (Медеттің әйелі) обал болды. Осы айқай шыққанда шотымда 700 миллион ақша тұр, шотты ашса халыққа ақшасын қайтарып беремін деген соң бере қойғанмын. Мен намаз оқимын десе бәріне сене беремін. Толғанайдың күйеуі ғой деп бердім бір жағы. Мұсылман бала ғой, мына шулаған халықтың ақшасын қайтарып, проблемасын шешіп алсын деп бергенмін. Әйтпесе 3-4 ақ рет көргенмін. Сол ақшаны кеңсеге келген жәбірленушілерге таратып беремін деген соң бердік. Назерке дегенге жіберіппіз тағы", — деді Айнұр Тұрсынбаева.