"Жабылып бір баланы ұрған": Ұлытау облысында шиеттей бүлдіршіндер сәбиді сабап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жабылып бір баланы ұрған": Ұлытау облысында шиеттей бүлдіршіндер сәбиді сабап тастады

"Жабылып бір баланы ұрған": Ұлытау облысында шиеттей бүлдіршіндер сәбиді сабап тастады

Ұлытау облысында мемлекеттік балабақшалардың бірінде жаға ұстатарлық жағдай орын алды.

  • 5 Желтоқсан
  • 21
Instagram/Kyn.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Желіде елдің қызу талқыға түскен видео қазақстандықтардың ашуын туғызды.

Оқиға Ұлытау облысында мемлекеттік балабақшаның бірінде болған. Жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан балалардың бірі қызды еденге жыққанын көруге болады. Ал басқалары бүлдіршінді кезекпен келіп ұрып кетеді. Кейін қызды тәрбиешісі арашалап қалған.

Қыздың ата-анасының сөзінше, буллинг жеті айға созылған. Ал ересектер мұны білсе де, ешқандай шара қолданбаған. Тәрбиешілер қыздың сабақ кезінде басқаларға жиі кедергі келтіретінін, сол себепті осылай болғанын айтқан.

Енді балабақшаны білім басқармасы мен полиция тексермек. Полиция тексеруді бірден бастап кетіпті.

Перейти к новостям спорта