Жабық жолда көлік жүргізгендер қамауға алынады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жабық жолда көлік жүргізгендер қамауға алынады

Жабық жолда көлік жүргізгендер қамауға алынады

Бұған дейін адамдардың жабық тас жолға шығып кеткені үшін барлық жауапкершілік полицияда болатын.

2022 жылдың қазан айында «Жолдарда көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы» Үкімет қаулысы шығып, жүргізушілер  жолдың жабылғаны туралы ескертуді елемеуі және жолға шыққаны үшін

  • 29 Желтоқсан 2022
  • 6
Фото - Caravan.kz


2022 жылдың қазан айында «Жолдарда көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы» Үкімет қаулысы шығып, жүргізушілер  жолдың жабылғаны туралы ескертуді елемеуі және жолға шыққаны үшін жазалау міндеттелді.

Тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы тиіс. Автомобиль жолдарына шығатын жолды жауып тастаған полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін азаматтар алғаш рет 30 АЕК немесе 2022 жылы 91 890 теңге айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда – 15 күннен 20 тәулікке дейін қамауға алынады. Қамауға алынбайтындарға (мысалы, мүгедектер) 50 АЕК, яғни 152 150 теңге көлемінде айыппұл салынады.