«Жады» қоры Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу қабырғасының құрылысына көмек сұрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жады» қоры Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу қабырғасының құрылысына көмек сұрайды

«Жады» қоры Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу қабырғасының құрылысына көмек сұрайды

Солтүстік Қазақстан облысының «Жады» қоғамдық қоры бұқара халыққа, қоғам өкілдеріне,

  • 11 Шiлде 2011
  • 553
Фото - Caravan.kz

кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына және кәсіпкерлерге үндеу тастап, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу қабырғасының құрылысына көмектесуді сұрады.

«30-50 жылдары біздің облысымызда 7 мыңдай бейкүнә адам саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған. Қуғын-сүргіннің шарықтау шегі 1937 жылдарға келеді. Халқымыз қарғыс айтқан «37-ші жылдарға» 2012 жылы 75 жыл толғалы отыр. Саяси репрессия құрбандарының туыстарының көптеген өтініштерін және Алматы облысындағы «Алжир», «Жаңалық», республиканың басқа өңірлеріндегі «Степлаг» және т.б. ескерткіш кешендерінің құрылыс тәжірибесін ескере отырып, «Память» облыстық қоғамдық қоры Петропавлдағы саяси қуғын-сүргін құрбандары ескерткішінің жанынан мемориалдық кешеннің бөлшегі ретінде «ХХ ғасырдың 1930 жылдары мен 1950 жылдың басы аралығындағы тоталитаризмнің саяси қуғын-сүргіндерінің құрбандарын еске алу қабырғасын» тұрғызу туралы шешім қабылдады.

Облысымыздың барлық тұрғындарына, саяси қуғын-сүргін құрбандарының балалары мен немерелеріне, жақын туған-туыстарына, сондай-ақ кәсіпкерлерге, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындарға үндеу жасап, НКВД абақтыларында атылғандар мен сталиндік лагерьлерде қайтыс болғандардың есімдері жазылатын мемориалдық қабырғаның құрылысына қайырымдылық демеушілік көмек сұраймыз», делінген үндеуде.

Соңғы жаңалықтар