Жадыра Сейдеш тағы топ жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жадыра Сейдеш тағы топ жарды

Жадыра Сейдеш тағы топ жарды

Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының жаңа лауреаттарының есімдері белгілі болды. Жүзден жүйрік деп танылғандардың арасында біздің телеарнадағы  «Жүрекжарды» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Жадыра Сейдеш те бар.

  • 11 Желтоқсан 2015
  • 489
Фото - Caravan.kz

Жас лауреаттарды анықтаған биылғы мерекелік кеште  әріптесіміз дипломды белгілі тележүргізуші Қымбат Досжанның қолынан алды. 1967 жылы мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың бастамасымен тағайындалған бұрынғы комсомол сыйлығының тарихы тереңнен басталады. Ал тәуелсіздік алған соң ол «Серпер» деп аталды. Бұл сыйлықтың алғашқы иегерлері – Олжас Сүлейменов, Қадыр Мырза Әлі, Шәмші Қалдаяқов сынды алыптар.

Жадыра Сейдеш, «Жүрекжарды» бағдарламасының автор-жүргізушісі:

-Сол ағалардың легін одан әрі жалғастырып бұл күнде біздер осы кішкентай ғана маратаптқа лайықты деп танылғанымыз үшін алғысымыз шексіз. Бұл кезекті рет сенің халық алдыңдағы міндетіңді еселей түсетін үлкен бір дүние.      

Соңғы жаңалықтар