"Жағдай өте қиын": Халықтың табысы ипотекалық бағдарламаларға қатысуға да жетпейді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.24
  • 529.34
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жағдай өте қиын": Халықтың табысы ипотекалық бағдарламаларға қатысуға да жетпейді

"Жағдай өте қиын": Халықтың табысы ипотекалық бағдарламаларға қатысуға да жетпейді

Ипотекалық бағдарламаларының шарттары халық үшін тиімсіз.

  • 18 Қазан
  • 20
Фото: shtampik.com

Бүгінгі таңда еліміздің тұрғын үй нарығында бағдарламалардың түрі және ипотекалық жүйенің көптігінен халық шатаса бастағандай. Соған қарамастан халық басын тасқа да, тауға да ұрып қиналып жүр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Фракциясының мүшесі Наурыз Сайлаубай Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярға халықтың мұңын жеткізіп, бірнеше ұсыныстар енгізуді талап етті.

Адам түсінбейтін бағдарламалардың бірі — түрғын үй коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы. Бұл бағдарлама бұрынғы «Нұрлы жол» бағдарламасының орнына шыққан жаңа баламасы. Ең қызығы атауы ғана өзгерген, заты сол баяғы қалпы. Бұл бағдарлама көпшілікке емес, тек кезекте тұрған мұқтаж жандарға бағытталған.

Соңғы екі жылда бірде-бір құрылыс нысаны салынбаған. Тіпті жүзеге асып жатқан жобалар да жоқ. Бұл туралы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Фракциясының мүшесі Наурыз Сайлаубай мәлімдеді. Неге десеңіз, бұл бағдарлама аясында тек әкімшілік ұсынған жаңа үйден ғана баспана алуға болады. Ал ондай үйлерді алу үшін халықтың қалтасы қалың болуы керек.

Салынып жатқан нысан жоқ. Соның салдарынан үйдің кезегі жылжымай тұр. Яғни, бағдарлама іске асып жатқан жоқ. «Отау» және «Наурыз» бағдарламаларына бюджеттен 250 млрд теңге бөлінген. Алайда бұл жоба арқылы өткен азаматтар еженің қисынсыздығынан қиналып, басын тауға да, тасқа да соғуда. Өйткені төлем қабілетін растау, алғашқы жарна, айлық төлемі сынды кедергілерге тап болады. Одан бөлек жаңа пәтерге жөндеу жұмыстарын жасауға да ақша таппай отыр. Себебі елдің қолында осындай қажеттіліктерге жұмсайтын артық қаражат жоқ.

Мысалы биылғы жылдың екінші тоқсаны бойынша орташа жалақы көлемі — 403 251 теңге, медианалық көрсеткіш — 278 296 теңге болып отыр. Енді санап көрейік.

Орташа жалақы алатын азаматтар ипотекалық несиеге айлығының 70 пайызын жұмсайды. Ал төмен жалақы алатындар, яғни 278 296 теңгеден төмен алатындар, тіпті айлығы оған жетпейтін азаматтар бұл бағдарламаға қатыса да алмайды. Қатысамын дегеннің өзінде, алғашқы жарна 20 пайыз төлеу кезде салы суға кетеді. Жағдай өте қиын. Мегаполистердің өзінде бір немесе екі бөлмелі пәтер алу үшін төленетін алғашқы жарна 7 млн теңгеден асып түседі. Бұл қаражат дәл қазіргі таңда әр отандасымыздың қалтасынан табылмайды.

Осы орайда депутаттар ипотекалық бағдарламаларға өзгерістер енгізуді талап етті.

Біріншіден, алдыңғы уақытта отбасы банкі арқылы жүзеге асатын 9-20-25 бағдарламасына мемлекеттік бюджеттен жыл сайын 150 млрд теңге қарастырылады. Осы орайда алғашқы жарнасын 20 пайыздан 10 пайызға төмендетуді ұсынады. Пайыздық мөлшерлемесін 8 пайыздан 7-ге дейін азайту.

Екіншіден, болжамдарға сәйкес, 2050 жылға қарай республикадағы халық саны 27 млннан асып түседі. Халықтың үлесі оңтүстік өңірлерде көп болмақ. Ал солтүстік және шығыста керісінше, халық саны төмендей бермек. Осы ретте Ресейдегі сияқты «таяушығыс» сынды 2 пайыздық бағдарламаларды іске қосқан аза маңызды. Яғни, ең шалғай өңірлерге халықтың барғаны үшін қосымша қолдау тетіктерімен қоса, төменгі пайыздық мөлшерлемемен үй алуға қарыз беруді ұсынады.

Соңғы уақытта елімізде мұнай бағасының ауытқулары мен сыртқы экономикалық өсім баяулап қалды. Инфляцияның өсуі және ұлттық валютаның тұрақсыздығы халықтың сатып алу мүмкіндіктеріне кері әсер етіп жатыр. Бұл жағдай халықтың ипотекаға жүгіну қабілетін де төмендетті.

Ауылдық жерлерде халықтың өмір сүру деңгейі айтарлықтай төмен. Бұл туралы депутаттар мен қоғам белсенділері дабыл қағып келеді. Қазір халықтың 4,6 пайызы күнкөріс деңгейіне жетпейтін айлыққа күн көріп отыр. Сондықтан тұрақсыз табыс пен оның төмендігі көп жағдайда халықтың баспаналы болуына кедергі жасап отыр. Ал мемлекет жүзеге асырып жатқан бағдарламалардың шарттары халыққа тиімсіз екенін тәжірибе көрсетіп келеді.