"Жағдайы өте ауыр": Мұхтар Шахановтың келіні жайсыз хабармен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.75
  • 586.77
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жағдайы өте ауыр": Мұхтар Шахановтың келіні жайсыз хабармен бөлісті

"Жағдайы өте ауыр": Мұхтар Шахановтың келіні жайсыз хабармен бөлісті

Атақты ақын Мұхтар Шахановтың келіні Жаңагүл Мұратқызы ақын туралы жайсыз хабармен бөлісті.

  • 10 Ақпан
  • 11
Instagram/villagekazakhstan

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Атаның қазіргі жағдайы өте ауыр, айтқанын бір сәттен кейін ұмытып қалатын науқас күйде. Жақында ғана екінші ұлынан айырылған адамның психоэмоционалдық жағдайының қаншалықты ауыр екенін біреу түсінсе, біреу түсінбейді. Қазіргі таңда ата қоғамда болып жатқан жағдайлардан мүлдем бейхабар. Осыны түсініңіздер, тыныштық беріңіздер», — деді ол.

Ол ақынды Жаңа Конституцияға қатысты айыптағандарға да жауап берді.

«Мұхтар Шаханов өз ұлтының алдында адал перзенті болып, мәңгі тарихта қалатын тұлға», — деп жазды ол.