Жағар майы қатқан, ішінде 43 жолаушысы бар автобус Екібастұз маңында тұрып қалды
Павлодар облысында ішінде 43 жолаушы отырған автобус тұрып қалды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен. |
Бүгін сағат 00:10-да Павлодар облысындағы Екібастұз қаласының КП 309 бекетінің қасында дизельдік отынның қатуы салдарынан ішінде 43 жолаушы отырған автобустың тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
ҚР ТЖМ Павлодар облыстық ТЖД-гі «Жедел құтқару жасағы» ММ-нің күшімен адамдар теміржол вокзалыныңғимаратына жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін