Жағажай маусымы басталғалы Қазақстанда 143 адам суға кетті
Жағажай маусымының басталғалы республикада 143 адам суға кетті, деп ТЖМ ТЖ жою департаментінің директоры Диханбек Сатылғанов мәлім етті. |
«Биыл шомылу маусымы басталғалы біз 143 адамнан айрылдық. Салыстыру үшін айтсақ, былтыр осындай аралықта 284 адам суға кеткен», - деді ол дүйсенбі күнгі брифингте.
Оның айтуынша, суға батып кеткен 143 адамның 9-ы жас балалар. Ол суға кетуінің негізгі себебі - мас күйінде суға шомылу, қайықпен кеудешесіз жүзу т.б. деп атап көрсетті.
Осы себепті ТЖМ адамдардан арнайы жабдықталған жерлерде ғана шомылуды сұрайды. Одан басқа құқық қорғау органдарына арнайы арналмаған жерлерде шомылуға тыйым салу ұсынылды. Судан құтқару күштері республикадағы барлық су қоймаларына жетпейді, дейді ол.
ТЖМ мәліметтерінше, Қазақстанда 80 мыңнан астам су қоймалары мен тоғандары бар болса, олардың 721-інде шомылуға болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін