Жағажай волейболынан ел чемпионатының бірінші турында ерлер арасында да, әйелдер арасында да ақтаулықтар жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жағажай волейболынан ел чемпионатының бірінші турында ерлер арасында да, әйелдер арасында да ақтаулықтар жеңіске жетті

Жағажай волейболынан ел чемпионатының бірінші турында ерлер арасында да, әйелдер арасында да ақтаулықтар жеңіске жетті

Кеше Ақтауда жағажай волейболынан ХVI Қазақстан чемпионатының 1-туры өтті.

  • 14 Мамыр 2012
  • 403
Фото - Caravan.kz


Онда әйелдер арасында Ақтау, Алматы қалаларынан — 8, ерлер арасында — Ақтау, Алматы және Қызылорда қалаларынан 16 команда қатысты. Үш күнге созылған бұл бәсекеде жарыс қожайындарының мерейі үстем шықты. Әйелдер арасында ақтаулықтардың «Каспий-1», «Ақтау-1», «Каспий-3» командалары 1-3 орынды өзара бөлісті. Ерлер арасында ақтаулық «Каспий-1» — бірінші, алматылық «Республикалық гвардия» мен «Ұшқын-Искра 1» 2-3 орынға ие болды.