Жағажай волейболынан Гранд Слэм әлемдік турының Австриядағы кезеңінде Т.Машкова мен И. Цимбалованың жолы болмады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жағажай волейболынан Гранд Слэм әлемдік турының Австриядағы кезеңінде Т.Машкова мен И. Цимбалованың жолы болмады

Жағажай волейболынан Гранд Слэм әлемдік турының Австриядағы кезеңінде Т.Машкова мен И. Цимбалованың жолы болмады

Кеше Австрияның Клагенфурт қаласында жағажай волейболынан «Гранд Слэм» әлемдік турының (A1 Grand Slam presented by ERGO GS) кезеңдік жарысы басталды.

  • 18 Шiлде 2012
  • 344
Фото - Caravan.kz

Онда әйелдер арасында ел намысын қорғаған Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жұбы дәрежелік 1-раундта жарыс қожайындарын 2:0 есебімен ұтқанымен, 2-раундта ресейліктерге дәл осындай есеппен есе жіберді. Соның нәтижесінде 33-орын алып, рейтингтік қорын 40 ұпайға ғана ұлғайта алды. Олар биыл осымен «Гранд Слэм» үш кезеңінде 2-дәрежелік сында сүрініп отыр.

22 шілдеге дейін созылатын бұл бәсекеде бүгін енді ерлер арасындағы сайыстар басталады. Онда ел намысын ұлттық құраманың 1-2 нөмірлі спортшылары қорғайды. Олар Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко, Алексей Кулешов пен Дмитрия Яковлев жұптары. «Гранд Слэм» турының Берлинде өткен соңғы кезеңінде Алексей мен Александр 9-шы, ал Алексей мен Дмитрий 33-орынды қанағат тұтқан болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера