Жағажай волейболынан Иранда өткен жарыста қазақстандық командалар 1-2 орынды өзара бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жағажай волейболынан Иранда өткен жарыста қазақстандық командалар 1-2 орынды өзара бөлісті

Жағажай волейболынан Иранда өткен жарыста қазақстандық командалар 1-2 орынды өзара бөлісті

5-7 наурызда Иранның Киш аралында жағажай волейболынан «Киш Оупен» Азиялық туры өтті.

  • 9 Наурыз 2011
  • 570
Фото - Caravan.kz


Оған 10 команда қатысты. Онда ел намысын Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко және Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов жұптары қорғады. Олар бұл байрақты бәсекеде үздік шығып, 1-2 орынды өзара бөлісті. Бұған дейін қазақстандық жағажай волейболшылары 2-4 наурыз күндері осы аралда өткен Құрлықаралық кубоктың 1-субаймақтық турнирінде бақ сынаған болатын. Ауғанстан, Иран және Қазақстан командалары арасындағы бұл дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 2-орын алып, жарыс қожайындарымен бірге жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды. Жалпы, бұл байрақты бәсеке 2012 жылғы Олимпиада ойындарының іріктеу турнирі саналады.