Жағажай волейболынан Мәскеуде өтіп жатқан "Үлкен дулыға" кезеңін қазақстандық спортшылар сәтті өткізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жағажай волейболынан Мәскеуде өтіп жатқан "Үлкен дулыға" кезеңін қазақстандық спортшылар сәтті өткізуде

Жағажай волейболынан Мәскеуде өтіп жатқан "Үлкен дулыға" кезеңін қазақстандық спортшылар сәтті өткізуде

Мәскеуде жағажай волейболынан "Үлкен дулыға" әлемдік турының кезекті кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясна сілтеме жасап.

  • 10 Маусым 2010
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Үлкен дулыға» әлемдік турының кезеңдеріне әлемдік рейтингтің қортындысы бойынша үздік 64 жұп қана қатысуда. Жүлде қоры 300 мың долларды құрайтын бұл дүбірлі доданың Мәскеудегі кезеңі маусымның 9-ы күні басталған болатын. Онда ел намысын Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко қорғады. Олар бүгін алғашқы ойынды норвегиялық спортшылармен өткізді. Әлемдік рейтингте 16-шы орында тұрған Скарлунд-Спиннагрден (Skarlund-Spinnangr) 2:1 (14:21, 21:19, 15:11) басым түскен қазақстандық спортшылар ертең АҚШ волейболшыларымен сынға түседі. Олардың бұл жолғы қарсыластары Рогерс Далхауссер (Rogers-Dalhausser) мен Женнингс Кеенан (Jennings-Keenan). Әлемдік рейтингте Рогерс 1-ші, ал Женнингс 17-ші сатыда тұр. Ал қазақстандық спортшылар мамырдың 31-і күнгі рейтингте 83-ші сатыда болды.