Жағажай волейболынан Қазақстанның ашық кубогында алматылықтар ерлер арасында да, әйелдер арасында да жеңімпаз атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жағажай волейболынан Қазақстанның ашық кубогында алматылықтар ерлер арасында да, әйелдер арасында да жеңімпаз атанды

Жағажай волейболынан Қазақстанның ашық кубогында алматылықтар ерлер арасында да, әйелдер арасында да жеңімпаз атанды

Өскеменде 26-30 шілде күндері жағажай волейболынан Қазақстанның ашық кубогы өтті. Оған ерлер арасында - 21, әйелдер арасында 10 команда қатысты.

  • 2 Тамыз 2012
  • 474
Фото - Caravan.kz

Аса тартысты өткен бұл бәсекеде ерлер арасында 1-2 орынды Алматы қаласының Ұшқын Искра-5 (Алексей Сидоренко, Дмирий Яковлев) мен «Республикалық гвардия «ШВСМ-1» (Сергей Богату, Владислав Пустынников), ал 3-орынды Ақтау қаласының «Каспий-1» (Серік Сұпағалиев, Сергей Цыкунов) командасы иеленді. Әйелдер арасында Алматы қаласының «СШВСМ-1» (Татьяна Машкова, Ирина Цимбалова) командасы бірінші орын алып, Ақтау қаласының «Каспий-1» (Бақтыгүл Самаликова, Любовь Богату), «Каспий-2» (Александра Варассова, Анна Елеференко) командалары 2-3 орынды өзара бөлісті.

Жалпы бұл жарысқа ерлер арасында Алматыдан — 8, Ақтау мен Өскеменнен төрт-төрттен, Бұқтырмадан — 3, Астана мен Новосібірден (Ресей) бір-бір команда бақ сынады. Ал әйелдер арасында Ақтау мен Өскеменнен үш-үштен, Алматыдан -2, Астана мен Үлкен Нарымнан бір-бір команда өнер көрсеткен болатын.